Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптасып жатыр ма?

AstanaTV
19.03.2021ж. 20:00
2416
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптасып жатыр ма?

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптасып жатыр ма? Жергілікті билік бұл тұжырымдаманы қалай орындауда? Ranking.kz порталы әкімдердің рейтингін жасап шыққан. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары көш басында тұр. Шын мәнінде еститін шенділер қатары артты ма? Осыны білмек болып, тұрғындарға бізде сауал тастадық. Бір қызығы бұқараның пікірі, зерттеу қорытындысына қарама-қайшы болып шықты.

Жергілікті билік органдарына 28 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың арасында халықтың мәселесіне бей-жай қарайтын аймақ атқамінерлері де анықталған. Бұл тізімде Алматы қаласы әкімдігі бірінші тұр. Мұнан соң Қостанай мен Маңғыстау облыстары жалғастырады. Дегенмен, талап-арыздарды тыңдай білетіндер де айқындалған. Біз бұл көрсеткешті нақтыламақ болып, қызылордалықтарға сауалнама тастадық.

БЛИЦ:

-  Ешкім сенбейді ғой оларға, жалпы халық сенбейді ғой.

- Енді барлығы өтірік қой, айналадағы барлығы өтірік істеп жатқан нәрселері. Ешқайсысына да көңілім толмайды ешқашан. Бірақ әкімдікке барып қарық қылыпты деген адамды естігенім жоқ осы уақытқа дейін.

- Жасап жатырғой жұмыстарды. Бірақ мүмкіндіктері одан да көп сияқты. Жасайтын болса.

- Жастарға жұмыс берсе, тауып берсе ол кезде әкімдікке риза болып бес деген баға қояр едік.


Бұған қатысты саясаткерлердің пікірі де бар. Экс-сенатор Уалихан Қайсаров әкімдердің іскерлігін сынға алды. Бұқара мен биліктің бірлесе алмауындағы басты себеп, басшының жауапкершілігіне тікелей байланысты дейді.
 
Уалихан ҚАЙСАРОВ, САЯСАТКЕР:

Енді бұл соншама бір күрделі мәселе деп айтуға болмайды. Өйткені ол мәселе тікелей әкімнің өзіне байланысты. Егер әкім халықтың алдында жауапкершілігін мойындайтын болса, кез-келген жағдайда, кез-келген сұраққа жедел түрде жауап беріп сауалнаманы шешуге тырысады.


Қоғамдық диалог пен ашықтық бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019-шы жылы халыққа жолдаған Жолдауында көтерген еді. Ол «тыңдайтын мемлекет» ұғымын енгізу қажет екендігін атап өткен еді.

Б. Сатуов