Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Отбасы институтына, бала тәрбиесі мен білімге ерекше көңіл бөлу керек, - А.Балаева

AstanaTV
19.03.2021ж. 20:00
1235
Отбасы институтына, бала тәрбиесі мен білімге ерекше көңіл бөлу керек, - А.Балаева

Отбасы институтына, бала тәрбиесі мен білімге ерекше көңіл бөлу керек. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде осыны айтты. Онлайн форматта өткен жиында көтерліген тақырыптардың негізі - мәдениет пен дәстүрді сақтау және бала тәрбиесіне арналды. Қатысушылар, ұлттық құндылықтарды заман ағымына бейімдеп, жастардың санасына сіңіру тетіктерін ұсынды. Тіпті ұмыт болып бара жатқан мемлекеттік идеологияның да жағдайы мүшкіл екенін мойындады. Сондықтан зиялы қауым өкілдері санадағы серпілісті жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе деп отыр.

Аида БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Қазір біздің қоғамда ізеттілік жетпейді, мейірімділік жетпейді. Жанашырлық жасауды қойдық. Осының барлығы менің ойымша ұлтқа үлкен зиянын тигізетін дүниелер. Бұл олқылықтарды болдырмау үшін сіз бен біз болып атсалысуымыз қажет.

Ғ.Өтемісов