Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында баспана мәселесі шешілмегендері аз емес. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, арнайы Бірыңғай тақырыптық қабылдауға келгендердің сауалдары осыны аңғартты. Қабылдауға келген 19 адамның 14-і баспана жайын көтерді. 1-ші топтағы мүгедек Мұратбек Дүйсебаев отбасымен пәтер жалдап тұратынын жеткізді. Айтуынша, ай сайын жәрдемақысынан 60 мың теңге төлеп отыр. Бес жыл бұрын баспана кезегіне жазылған ол уақытша тұратын баспана сұрай келіпті.
Мұратбек ДҮЙСЕБАЕВ, I –ТОП МҮГЕДЕГІ:
Біз қазір үйдің очередінде тұрмызда - 5 231. Ол қай кезде келетінін бір Алладан басқа ешкім білмейді. Мен де 1-топ мүгедек, келіншегім де 1-топ мүгедекта. Уақытша баспана берсе мысалы тұруға да, тек қана коммуналкасын төлеп тұрсақ, ол көп көмек болатын еді да бізге.
Мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектікке шығу, протез салдыртудағы қиындықтарын да ортаға салды. Қоғамдық қабылдауда болғандар әлеуметтік мәселелерді де көтерді. Айтуларынша, өздеріне берілетін памперс пен қол арбаның сапасы да сын көтермейді. Жауапты басқарма өкілдері соңғы айтылғандарды таңдау биылдан бастап бұл азаматтардың өздерінің еншісіне қалдырылғанын түсіндірді.
Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әрбір тұрғынды біз жеке қарап ол жерде бүкіл мәселелерін түпкілікті оларды көріп, және де ол жерде партиялық бақылауға алынды. Міндетті түрде ол тұрғындардың көмек заң аясында оң шешіледі және де әрбір сұраныс, әрбір өтініш партиялық бақылауда болады.
А. Төребекқызы