Төртінші тоқсанда 9 және 11 сынып оқушылары ғана мектепке баратын болды. Қалған сыныптар түгелдей онлайн форматқа көшеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева бүгін хабарлады. Оның айтуынша тек бітіруші сыныптардың ғана оқуы процесі жоспарға сай жүргізілмек. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 12 мектеп карантинге жабылып, 1256 оқушы мен 37 мұғалім індет құрығына ілінген.
Бағлан СМАТАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қаладағы карантиннің күшейтілуін байланысты қаланың барлық мектептері меншік нысанына қарамастан қашықтан оқитын болады. Мектеп бітіруші 9,11-сыныптарда оқыту аралас форматта: пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта, 30%-ы қашықтан өтеді. Сыныпта 15 баладан артық оқушы болмауы керек.
Б. Сатуов