Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда 3 млрд-қа жуық қаражатқа сатып алынған ғимарат тиімсіз болып шықты

AstanaTV
01.04.2021ж. 20:00
1913
Павлодарда 3 млрд-қа жуық қаражатқа сатып алынған ғимарат тиімсіз болып шықты

Павлодарда 3 млрд теңгеге жуық қаражатқа сатып алынған ғимарат, тиімсіз болып шықты. Экс-әкім Болат Бақауовтың тұсында 10 жылға бөліп төлеу арқылы алынған "Инвесторлар үйі" қарызын өтей алар емес. Облыс әкімдігі өткен жылдан бері қарызды төлеуден мүлде бас тартқан. Зәулім ғимараттың болашағы бұлыңғыр болып тұр.

"Инвесторлар үйі" осыдан 3 жыл бұрын экс-әкім Болат Бақауовтың тұсында сатып алынған. Құны шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаражатқа бағаланған ғимарат 10 жылға бөліп төлеу арқылы алынған. Бірақ, былтырдан бері облыс әкімдігі, қарызды өтеуден бас тартыпты. Себебі, нысанның күтімі тым қымбатқа түскен.

Мейрам ӨТЕШОВ, "ПАВЛОДАР" ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


150 млн теңге пайда көреміз деп ойлап отырмыз. Бізде 140 млн шығын шығады. Осы ғимаратты ұстап тұру, күзету және тағы басқа шығатын шығындарымыз.

Ғимарттың жалпы аумағы ат шаптырым жер. Бірақ, пайдаланылуға жарамдысы тек 5 мың шаршы метр аумақты ғана құрайды. Қалған 10 мың шаршы метрі дәліз, балкон, көлік тұрағы.

Мейрам ӨТЕШОВ,  "ПАВЛОДАР" ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Облыс бюджеттен 282 млн теңге төлейтін негізгі қарыз бар. Былтыр әкім берген тапсырмамен «Қазтрансойлмен» көп жұмыс жүргіздік. Былтыр олармен бізбен келісті. Былтыр 2020 жылы облыстық бюджеттен ақша төленген жоқ. Енді биыл тағы көреміз.


Сәулеті келіскен ғимараттың сатып алу құнын кеңселерді жалға беру арқылы өндірмек болған. Алайда, жалдау құны қымбат болғандықтан, жалға алушыларда мұнан кетіп жатыр.

Азамат ЖАРОВ, НЫСАНДЫ ЖАЛҒА АЛУШЫ:


Қазір бізге бұл ғимарттан кеңсе жалдау тиімсіз. Себебі, жалдау тым қымбат. Бір ғана кеңсе үшін ай сайын 240 мың төледік. Содан біз мұнан кетеміз деген соң, жалдау құнын сәл сәл түсірді.


Бұл шаһардағы ең сәулетті ғимарат. Ертіс өзенінің жағасында қоныс тепкен. Зәулім нысанның ендігі тағдырын айту қиын. Өйткені, кезінде тым қымбатқа сатып алынғандықтан, өз-өзін ақтамай тұр.

Ө. Қуанар