Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Мемлекеттің қорғауындағы көл жағасына мал ұстаған шаруа қожалық көшірілетін болды

AstanaTV
01.04.2021ж. 20:00
1814
Мемлекеттің қорғауындағы көл жағасына мал ұстаған шаруа қожалық көшірілетін болды

Павлодар облысында мемлекеттің қорғауындағы көл жағасына қора салып мал ұстаған шаруа қожалық көшірілетін болды. Естеріңізге салайық,  осыдан 4 күн бұрын арнамыздан Баянауыл ауданына қарасты Біржанкөл ауылының тұрғындарының жан-айқайын берген болатынбыз. Тұрғындар кәсіпкердің көлді ластап, ауылдың жайылымдық жерін меншіктеп алды – деп арнамызға шағымданған еді. Түсірілім тобы шаруашылықтың қорасы мен шашылған мал өлексесіне де куә болды. Осы сюжеттен кейін бірден тексеру жүргізген аймақтың шенеуніктері шаруа қожалығының заңды өрескел бұзғанын анықтапты.

Болат МИДИУ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕРДІ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біржанкөл ауылы тұрғындарының шағымы және «ASTANA TV» телеарнасында көрсетілген бейнематериалдан кейін арнайы комиссия құрылды. Тексеру барысында Баянауыл аудан әкімі аппараты және жер қатынастары бөлімінің жер телімін берген кезде заңсыздыққа жол бергенін анықтадық. Шаруа қожалағы Баянауыл ұлттық табиғи паркі бақылауына кіретін 2 шақырым аумаққа қора салған. Енді тараптар арасындағы келісім шарттың күшін жою үшін сотқа арыз дайындап жатырмыз.