Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ажырасатын жас жұбайлардың қатарын қайтсек азайтамыз?

AstanaTV
01.04.2021ж. 20:00
2345
Ажырасатын жас жұбайлардың қатарын қайтсек азайтамыз?

Елде ажырасып кеткен жұптар саны артуда.  Оған не себеп?  Бұл туралы ранкинг.кз агенттігі өз дерегімен бөлісті. Мәселен өткен жылы ел бойынша 128 мыңнан астам жас шаңырақ көтерген. Алайда, үйленгенімен үй болмай жатып ажырасқандары көп. Шаңырақ көтеріп, шаттығынан айырылғандардың уәжі қандай?  Ажырасудан көш бастап тұрған аймақтар қайсы? Шаңарақтар шайқалмауы үшін қайтпек керек?  Әріптесім Бекболат Сатуов ізденіп көрді.

Иә, ажырасудың себептері көп. Алкаголдік ішімдіктер, нашақорлық тағысын тағы. Алайда көш басында отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері тұр. Мәселен 2020 жылы ажырасқан 30 мыңға жуық жастың 43 пайызы осы жағдайға тап болған. Соның бірі Нұрсұлтандық Аида Ермекова. Бойжеткен жақында ғана әлуметтік желіде, көптен көмек сұрады. Бұрынғы күйеуі өлімші етіп ұрып кеткенін айтып, қоғам дертіне назар аудартты.   Айтуынша отбасындағы кикілжіңге, отағасының озбыр мінезі себеп болған көрінеді.

Аида ЕРМЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күйеуім маған барлық жағынан қысым көрсетті.  Одан кейін қандай сенім болсын. Тіпті құрметтеуді де білген жоқ. Босанғанан кейін де ол маған көмек көрсеткен жоқ. Одан қандай отбасы шығады?

Әрине, отбасындағы түсініспеушілікке кез-келген дүние себеп болуы мүмкін. Оны алдын-ала болжауда қиын. Сондықтанда пікірлерде сан қилы.

БЛИЦ:

- Ер адамдар кінәлі, әлсіз деп ойлаймын ер адамдарды.
- Екі тараптанда ғой, білмеймін енді.
- Ондай жағдай болса екі жақта кінәлі болады.


Дегенмен кінәнің бәрін отағасына арта беруде қисынсыз болар. Отбасындағы берекеге көбіне әйелдер жауапты. Қазір қоғамда отбасындағы теңдікті түзеймін деген бойжеткендердің қатары көбейген. Осылай деген психолог мамандар, ер азаматқа ажырасу да үлкен соққы екенін айтады.

Камила АСЫПКЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Отбасында барлық жауапкершілікті әйел адамдар өзіне алуда. Бұл жерде қазір тепе-теңдік жойылып кетті. Ер азамат екінші орында қалды да, бірінші орында әйелдер. Бұл да ер азаматтардың намысына, арына тиеді. Сондықтан оның өзіндік бағасы төмендейді. Сол себептен ол ішкілікке салынады, әйеліне қол көтереді.

Елде, үйленіп үй бола алмайтындардың қатарында Алматы қаласы көш бастап тұр. Мәселен былтыр 15 мыңнан астам жас шаңырақ көтерсе, оның 500-ден астамы ажырасып үлгерген. Сондай-ақ бұл тізімді Түркістан және Алматы облыстары жалғастырады. Ал мұндай жағдайға қоғам белсендісі Оразгүл Асанғазықызы бей-жай қарауға болмайтынын айтады. Сондықтан да ол, балаларды отбасылық өмірге , ерте бастан дайындаған жөн дейді.

Оразкүл АСАНҒАЗЫҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:


Бізге жетпейтін нәрсе, бізге жоғарғы кластың оқушыларына коледждің оқушыларының арасында ,біз мысалы денсаулық сақтау қызметкері болуды, заң қызметкері болуды ,аграном болуды, мұғалім болуды оқытамыз. Әке болуды, ана болуды оқытпаймыз. Отбасының отағасы, отбасының отанасы болуды оқытпаймыз. Осыны пәндік сабақ болмаса да, факультатив сабақ арқылы оқыту керек.


Қалай болғанда да тәрбие тал бесіктен басталады. Бұл - қанатты сөз әлі күнге өзектілігін жоғалтпаған. Жоғалтпайды да.  

Б. Сатуов