$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Баянауылда ауыл тұрғындары мектеп ғимаратын сатуға қарсы шықты

AstanaTV
02.04.2021ж. 20:00
4255
Баянауылда ауыл тұрғындары мектеп ғимаратын сатуға қарсы шықты

Баянауыл атқамінерлері ауыл мектебін сатып жатыр. Бұған Біржанкөл ауылының тұрғындары үзілді-кесілді қарсы. Өйткені, ауылда одан өзге бірде-бір ғимарат қалмаған. Не медпунк, не мәдениет ошағы атымен жоқ. Ал ауыл балалары көрші елдімекенге қатынап оқуға мәжбүр. Жолы жоқ шалғайдағы ауылдағы мәселені, әріптесім Өзгеріс Қуанар жеткізеді.

Біржан көлінің жағасында орналасқан мына шағын ғана ауылда 50 тарта тұрғын бар. Кезінде дүркіреп тұрған елді-мекеннен, байырғы тұрғындары үдере көшкен. Өйткені, ауылда жұмыс жоқ. Халық саны аз болғандықтан, мектеп те жабылып қалған. Ұзақ жылдардан бері бос тұрған білім ғимараттын аудан әкімдігі сатуға қойыпты. Бұл ауыл халқының ашуын тудырып отыр.

Үміткен ӘУБӘКІРОВА, БІРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Библотека жоқ, мәденеит үйі жоқ, не медпункт жоқ.  Ештеңе жоқ. Біз шетте қалған ауылмыз былай қарағанда. Дым жоқ.

Ауылда мектеп жабылғалы оқушылардың саны да күрт азайған. Қазір 10 шақты ғана бала бар, олар көрші ауылдарға барып, білім алып жүр.

Марат МҰҚАШҰЛЫ, БІРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір ауылдың балалары жартысы Майқайыңда, жартысы Құндыкөлде әр әр жерге тарап кетті ғой содан кейін. Мына мектеп жабылып қалған. Білмеймін мен осы әкімдер қалай немене оқып келетінін. Елбасы ауылды көтеру керек мәдениетті көтеру керек деп жатқанда олар әйтеу бұзу сатудан келеді.


Халықтың шулайтын да жөні бар. Өйткені шағын ауылда медпункт те жоқ. Басы ауырып балтыры сыздаса, 40 шақырым қашықтағы аудан орталығына баруға мәжбүр.
 
Әділхан ТЕМІРҰЛЫ, БІРЖАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде бір дәрі басың ауырса алатын жер жоқ. Медсестра бар. Қолыңды кесіп алсаң орайтын ештеңе таба алимайсың бұл ауылдан. Одан кейін анау скрой бар. Ол скрой ешқашан ауылдың жағдайын келіп білмейді ешқашан. Жаздың күні медиктер күні болады көлге скроймен келіп демалады.

Жергілікті шенеуніктер тұрғындардың қарсылығынан кейін ескі мектеп ғимаратын сатудан айнып қалды.

Самат ЫБЫРАЙҰЛЫ, ҚҰНДЫКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі күні шешімге келдік. Халық сұраған соң, доверительный управление деп. Туризм ба? Қыс бойы, жаз бойы спортсмендер келіп демалатын комплекс саламыз ба - деп ойлап отыр.

Әзірге ескі ғимараттан не жасарларын өздері де білмейді. Ал тұрғындар болса, ауылға мәдениет ошағын ауадай қажет - деп отыр. Десе де, ауыл әкімі ауылға жол салып, Біржанкөлді туристік аймаққа айналдыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз – деп сендірді. Ал мектеп пен медпункт салу тиіссіз дейді. Өйткені халық санының аз деп отыр.

Ө. Қуанар