Атырауда бүлдіршіннің шашынан сүйреген тәрбиешіге қатысты қызметтік тексеріс басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода, тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнелгені анық көрінеді. Бүлдіршінің құлағанына да мән бермейді. Оқиға наурыздың 29-ы күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылындағы «Балдырған» балабақшасында орын алған. Тәрбиешінің жұмысына күмәнмен қараған ата -ана топтағы бейнебақылау камерасы жазылған таспаны қарауды өтінген. 21 жастағы келіншектің мекетпке дейінгі мекемеге тәрбиеші болып орналасқанына жылдан асыпты.
Гүлжансара ТАҢАТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секунтын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз.
Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Әлеуметтік желіде тараған бенежазбадағы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 140 бабы, яғни кәмілетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Б. Надірқызы