Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордада мүгедектер отбасы баспанасыз қалды

AstanaTV
09.04.2021ж. 20:00
1760
Елордада мүгедектер отбасы баспанасыз қалды

Елордада мүгедектер отбасы баспанасыз қалды. Көктемгі қар суынан үйдің алдыңғы бөлігі опырылып, қалған бөлігі жарамсыз халге жеткен. Барар жері жоқ отбасы, апатты үйдің құламай тұрған бөлігін паналап отыр. Қайда барараын білмейді. Жергілікті атқамінерлерден де көмек жоқ. Амалы таусылған олар, көптен көмек сұрайды.

Бұл Нұр-сұлтандық Жәмиля Төленова. Бір күнде үй-күйсіз қалған ол, қайда барарын білмейді. Отағасының төсек тартып жатқанына бірнеше жыл болған. Аядай ғана үйді амалдап жүрген отбасы, көктем келе одан да айрылып қалды. Үй іші суға толып, баспананың алдыңғы бөлігі құлаған. Жергілікті әкімдіктен де көмек болмағанын айтқан отанасы, апатты баспанада қонып жүр.

Жәмиля ТӨЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осындай жағдай болып жатыр. Жолдасым ауру, ауырады. Үшінші группа. Өзім үшінші группаның мүгедегімін. Әкімдер келді, ешқандай қорытынды болған жоқ. Мен білмейм енді, далада қалдым жаным.Көмек беретін адамдар бар ғой жақсы,жақсы адамдар, көмек сұрайм халықтан.


Сарыарқа ауданы әкімдігі болса, бұл отбасыға көмек қолын жиі созатындарын алға тартты.  Алайда тұрғындарды уақытша баспанамен қамтуға біз жауапты емеспіз дейді.

Әбдірахман ДАУЛЕНБАЕВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Демеушілердің көмегімен, жиі көмек көрсетіледі. Оның алдында 22 наурыз күні барған, азық-түлікпен. Жалғыз ол кісіге емес, оның қыздарына да көмек берілген. Екі қызы бар. Енді үйдің кезегінде, қазіргі таңда 2019 жылдан бастап тұр, бұл кісілер. Үйдің кезегі келем дегенше, Республика 32 үй басқармасына, өзінің ұсынысын, арызын қалдыру керек.

Қала әкімдігі де бұл жағдайдан хабардар болып шықты. Олар уақытша баспана да тауып бере алмайтындарын ашық айтты.  

Арманай ОҢҒАРБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда Нұр-сұлтан қаласында 48 мыңға жуық адам,тұрғын үй кезегінде тұр. Тұрғын үй кезегінде тұрған уақытта, уақытша тұруға ұсынылатын пәтерлердің бірі ретінде, біз жатақхана ұсынамыз. Алайда қазіргі күнде жатақханаларда бос бөлмелер жоқ.


Аядай баспанасынан айрылған отбасының қазіргі күйі адам аярлық. Қаусап тұрған баспананың жартысында жан бағып отыр. Оның өзі суға толған. Қай күні құлайтынын білмейді. Үй-күйсіз қалған мүгедектер отбасының ендігі үміті жаны жомарт жандарда ғана.

Б. Сатуов