Қызылжар көшелеріндегі сарғайған ағаштар бюджет қаражатына сатып алынбаған. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. 3 мың жас ағашты орман тәлімбағы қалаға сыйға тартыпты.
Жанар Рахметова, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
Бұл ағаштарды Кондратов орман тәлімбағы Халықаралық ағаштарды отырғызу күніне орай қалаға сый ретінде берген. Олардың дені қарағай, аққайың, долана, мойыл, алма ағаштары. Біз оларды күнде суарып отырдық. Бірақ, көшеттердің 23 пайызы нәзік болса керек. Сондықтан олардың орнына жаңасын отырғызамыз.
Бұған
дейінгі хабарымызда қала көшелеріндегі қарағайлардың сарғайып бара жатқанын
айтқан едік. Тәжірибелі биолог Владимир Вилков көшеттерді отырғызған мамандар
арнайы технологияны сақтамаған деген еді. Жас ағаштар тамырсыз жұлынған болуы
мүмкін. Бұған қоса, қарағайлар лас экологияға да өте сезімтал көрінеді.