Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

БҚО-да киіктер 100 мыңға жуықтады

AstanaTV
07.09.2017ж. 20:00
2664
БҚО-да киіктер 100 мыңға жуықтады

Батыс Қазақстан облысын мекендеген киіктер 100 мыңға жуықтады. Бұл туралы БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан хабарлады. Осылайша, Орал өңірі еліміздегі киіктер ең көп шоғырланған аймаққа айналды. Жалпы бұл жануарлар жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. 2014 жылы Батыс Қазақстанда 39 500 киік болса, 2016 жылы 70 мыңды құраған. Ал биылғы көрсеткіш 100 мыңға жуықтады. "Егер 2010 жылы пастереллездің кесірінен ақбөкендер 17 мыңға дейін күрт азайып кетпесе, олардың саны 100 мыңнан әлдеқашан асар еді", - дейді мамандар. Бірақ қорғансыз хайуандарға қару кезенген браконьерлерден де төнер қауіп аз емес. Жыл басынан бері 26 заңсыз киік аулау дерегі тіркеліп, 10 қылмыстық іс қозғалған. 15 адам жазасын алыпты.

Арман Ізімғалиев, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы:

2016 жылы киіктердің саны 70 мыңнан астам басты құраса, биыл әуе санағы бойынша биыл бұл көрсеткіш 98 мыңға жетіп отыр. Қазіргі таңда киіктерді қорғау бағытында және браконьерлікке жол бермеу бағытында «Охотзоопром» өңірлік филиалының инспекторларымен 10 мобильдік топ тартылған болатын.