Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Су тасқынына дайынбыз дейді, ал көктемде жүздеген елді мекен су астында қалады, - Ж.Ахметбеков

AstanaTV
14.04.2021ж. 20:00
1684
Су тасқынына дайынбыз дейді, ал көктемде жүздеген елді мекен су астында қалады, - Ж.Ахметбеков

Төтенше жағдай министрлігінің, көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстары нәтижесіз. Бүгін Парламентте болған Мәжіліс отырысында, депутат Жамбыл Ахметбеков, министрлік жұмысына шүйлікті. Сондай-ақ, тасқынмен күреске бөлінетін қаражат жыл сайын өсіп жатқанын айтты. 2017-2020-ші жылдар аралығында бұл мақсатқа ел қазынасынан 45 млрд теңге бөлінсе, 2020-2023-ші жылдарға 160 млрд теңге қарастырылған. Бірақ нәтиже көре алмай отырмыз дейді. Ол аталған ведомство алдымен жағдайдың тұрақты екенін, сосын су тасқынына дайынбыз деп мәлімдейді, ал көктем келе ел аумағындағы жүздеген елді-мекені су астында қалатынын айтты. Мәжілісмен, премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, мәселеге назар аудартты.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Міне, жағдай жыл сайын осылай қайталана береді. Соңғы бес жылдың өзінде Қазақстанда 272 елді мекенді су басты, бұл 6,5 мыңнан астам үй суға кетті деген сөз. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жыл сайын су тасқынының құрбаны болып отыр.


Ә. Өмірзақ