Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Коронавирусқа қарсы вакцина міндеттеледі, Б.Позилов

Коронавирусқа қарсы вакцина міндеттеледі, Б.Позилов

Коронавирусқа қарсы вакцина енді міндеттеледі. Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Позилов осындай   ақпарат айтты. Бұл Үкіметтің 12 сәуірде жариялаған №173 Қаулысында да көрсетілген. Бірақ жауапты министрлік осы уақытқа дейін "екпе тек ерікті түрде салынады" деп келген болатын.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Күні кеше ғана вакцинаны егер білетін болсаңыздар бұл ерікті түрде деп айтқан едік. Енді күні кеше ғана жаңадан қаулы шықты, вакцина енді міндеттелді. Ол басқа да вакцина сияқты адамға міндетті түрде салынуы қажет. Егер адам туылған кезде БДСЖ немесе басқа да туберкулезге, полиомиелитке қарсы вакцина міндетті түрде салынады ғой. Бұл вакцина да енді міндетті түрде салынады.


Денсаулық сақтау министрлігі, бұл шулы мәселеге қатысты жазбаша жауап берді.   Шынымен, коронавирус "міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесіне" енгізілген.  Бірақ оны салғызу, салғызбау әркімнің өз еркінде.  

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабы 1-тармағының 18-нші тармақшасына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек адамның саналы келісімімен және бас тартуымен жүзеге асырылады. Осы негізде Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.

А. Данияр