Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматы облысындағы жол апатынан 74 жастағы жүргізуші көз жұмды

AstanaTV
20.04.2021ж. 20:00
1656
Алматы облысындағы жол апатынан 74 жастағы жүргізуші көз жұмды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды.  «Даёва Нексиа» маркалы көлігі қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Жол апаты Тұрар саяжайына барар жолдың бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, «Даёва Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі, жылдамдықты үдеткен бойда қарсы бағытта келе жатқан Камазға барып соққан. Қатты соққыдан жеңіл көліктің 74 жастағы жүргізушісі қаза тапты.

Рита СЕРІМБЕТОВА, КУӘГЕР:

Балалар жүгіріп келді маған. «Мама ана жерде машина соғылды» - деп. Сөйтсем үлкен жастағы жаңағы шалдың басы салбырап тұрды сыртына. Аяғы да қысылып қалды былайынан. Менттер шақырды Камаздың жүргізушісі.

Жеңіл көлікте болған азамат осы саяжайдың тұрғыны болған. Куәгерлердің айтуынша, жол апатына жүргізушінің рөлде отырып қалғып кетуі немесе ішімдік әсер еткен болуы мүмкін.  

Жолдас СЕРІМБЕТОВ, КУӘГЕР:

Соғылғанын естідік қой. Шықсақ уже бері итеріп тастаған екен ғой Камаз Нексианы. Сол жерге келгенде ұйықтап кете ме, ішіп алған ғой ішінде виносы бар. Біреуін ішкен, біреуі ашылмаған.

Жергілікті тұрғындар мұнда жол-көлік апатының жиі болатынын айтады. Сондықтан дәл осы жерге жаяу жүргіншілер жолағы салынса дейді.

Айзада БЕГЕЛДИНОВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ:

Жолға пешеход қою керек. Балалар шығып ойнайды. Ойнап жүгіріп кетеді. Қаншама малдар соғылып жатыр. Машиналар да соғылып жатыр.

Болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы тергеу жұмыстары біткен соң белгілі болады.  

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты Қылмыстық іс қозғалып, Қылмыстық Кодекстің 345 - бабы, 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Күдікті ретінде КАМАЗ көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Егер оқиғаға кінәлі болса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ә. Лесбек