Елордада жүз отбасыға азық-түлік себеттері үлестіріледі. Қайырымдылық істі «Nur Otan» партиясы Нұр-сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырып отыр. Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қоры қолдауымен жүзеге асатын акция қасиетті Рамазан айы мен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған. Азық-түлік қораптары әрбір тұрғынның тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеткізіледі.
Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Nur Otan» партиясы қалалық филиалы осы «Үммет» қоғамдық қорымен біргелесе отырып осындай қайрымдылық жобаны іске асырып жатырмыз. Осы қайырымдылық жоба аясында, жүздеген азық-түлік қораптары мұқтаж отбасыларға жеткізілетін болады.
Қайырымдылық шараның бастауы ретінде бүгін бес отбасына азық-түлік себеті берілді. Солардың бірі- көп балалы ана Назира Омарова. Жалғыз басты ана партияның қайрымдылық шарасына дән риза.
Назира ОМАРОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Nur Otan-да постоянно осындай іс-шаралар жүргізіліп жатады. Аспандары ашық болсын әрқашан деймін. Оразалары қабыл болсын. Шексіз рахмет.
Б. Сатуов