Бірнеше вакцинаны қатар қабылдауға болмайды. Бұл жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары осылай дейді. Дәрігерлердің айтуынша, антидене дұрыс қалыптасуы үшін бір ғана екпенің толық компонентін салдыру керек. Вакциналардың технологиясы бөлек болса, ағзаға кері әсер ету қаупі бар.
Александр ГУЛЯЕВ, ҚР ДСМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БҰЙЫМДАРДЫ САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Бұл вакциналардың компоненті әртүрлі. Сондықтан оларды қосарлап алу мүмкін емес және мұндай тәсілдер қарастырылмаған. Осы орайда вакциналау процесінде екпелерді алмастыруға жол бермеу керек.
Елде эпидахуал күрделене түсті. Бүгін вирус жұқтыру дерегінің антирекордтық көрсеткіші тіркелді. Бір тәулікте 3 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Мегаполисте бір күнде 700-ге жуық дерек тіркелді. Сонымен елімізде осы уақытқа дейін 300 мыңнан астам адам қауіпті вирус жұқтырған. Оның 250 мыңға жуығы емделіп шықты.
Ғ.Өтемісов