Веложолда автокөлікпен жүру қаншалықты заңды? Әңгіме Шымкенттегі дендрологиялық саябақ аумағына былтыр салынған велосипед жолағына қатысты. Жергілікті азаматтардың бірі түсіріп арған мына бейнежазба әлеуметтік желідегі пікірлерді екі топқа топтастарды. Саябақ ішіндегі қызыл жолақпен жүйткіп келе жатқандар, өздерін ұялы телефонға түсіргендерге, апат орнына шұғыл түрде жету үшін жұмысшыларды алып бара жатқанын айтады.
Осы жазбадан соң полицейлер көлік иесіне, яғни саябақтың шаруашылық бөлімі басшысына шамамен 44 мың теңге айыппұл салды. Алайда, дендросаябақтың заңгері полицияның бұл әрекеті заңсыз деп санайды. Енді олар сотқа жүгінбекші. Саябақтағылардың мәліметінше, сол күні көлікте болғандар расында жарылған құбырды жөндеуге шыққан. Әйтпегенде тұрғын үйлерге су кіретін қауіп төнген екен. Олар мінген темір тұлпарға нысан ішінде жүруге бұйрық бар деп қосты. Ал дендобақ ішінде қызмет бабында жүретін көлікпен жүретін қызыл жолақтан өзге жол жоқ.
Мөлдір ҮСЕНБАЕВА, А.АСҚАРОВ ат. «ШЫМКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» МКҚК ЗАҢГЕРІ:
Саябақ аумағындағы жолдарға қазіргі таңда веложол, жүргінші жол салып тастауына байланысты біздің саябақта көлікпен жүретін жол жоқ басқа жұмысшылардың. Біздің тарапымыздан ешқандай заң бұзушылық орын алмаған. Біздің тарапымызға салған айыппұлды біз заңсыз деп санаймыз. Ол бойынша сотқа жүгінетінімізді хабарлаймыз.
А. Төребекқызы