$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Батыс Қазақстан облысында блок бекеттер қойылады

AstanaTV
27.04.2021ж. 20:00
1738
Батыс Қазақстан облысында блок бекеттер қойылады

Батыс Қазақстан облысында 1-мамырдан бастап карантин күшейтіледі.  Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен  Орал қаласы мен  аудандардың кіре берісіне  блок бекеттер қойылады. Көлік қозғалысын полиция бақылауға алады. Бұл бекеттерден тек дәрігерлер, жүк тасымалдаушылар және шаруа қожалықтарының,  апаттық-құтқару қызметінің өкілдері   кедергісіз өте алады. Карантинді күшейтуге облыстың қызыл аймаққа енуі себеп болып отыр. Өйткені соңғы төрт күнде 700-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Жағдайы ауыр   37 науқас  жансақтау бөлімінде жатыр.  

Нұрлыбек МҰСТАЕВ, БҚО БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАР ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер де ахуалымыз түзелетін болса, бұл шектеу шаралары күшейтіледі немесе алынатын болады. Блок пост егер де осы аптаның аяғына дейін бәрі дұрыс болатын болса, медициналық ұйымдарда да науқастардың саны азаятын болса, блок посттарды алу туралы кері сұрақ туындайтын болады. Егер жағдайымыз қиындайтын болса, ол жалғаса береді. Инкубациялық кезең 14 күн, негізі 14 күнге есептеледі. Бірақ одан бұрын алынуы да мүмкін.


Е. Карин