Қарағандыда орман өртенді. 4 жарым гектар аумақты қамтыған тілсіз жау жел күшейген сайын саяжайларға жақындады.
Өрт бүгін түсте басталған. Ну орманға құтқарушылар техника кіргізе алмады. Сондықтан тілсіз жауды жаяу жүріп ауыздықтауға тура келді. Оның үстіне шөптің құрғақтығы мен желдің күштілігінен жалын күшейе түсуде. Сондықтан төтенше жағдай қызметі мен орман шаруашылығы мамандары бірлесе жұмыс істеп жатыр. 100 ден астам адам мен 20 техника жұмылдырылған. Қарқынды жұмыстың нәтижесінде орман жанындағы саяжайға от жете қойған жоқ.
Нұрлан ЖАҚЫПБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қарағанды қаласының Шахтинск тас жолының ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Ылғал шөптер мен орман бөктерлері жанып жатыр. Қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етуде.
Жалпы Қарағанды облысында көктем шыққалы 20- дан астам дала өрті тіркелген. Мамандардың айтуынша, оның бәріне адами фактор себеп болған.
А. Қуаш