Дүниежүзінде әзірленіп жатқан вакцинаның ешқайсысы клиникалық сынақтың үшінші сатысынан өтпеген. "Зерттеулер әлі жалғасып жатыр. Бірақ 5 мемлекетке вакцина егуге рұқсат берілді" дейді биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария. Оның айтуынша, отандық екпені алып жатқандар бар, оны ағзаның қабылдауы қалыпты өтуде. "КазВактың" иммундық жарамдылығы- бір жыл.
Күнсұлу ЗАКАРИЯ, ҚР БҒМ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Вакцинамыз инактивтелген, яғни өлтірілген вирус технологиясы бойынша әзірленді. Бұл технологияның қолданылғанына 60 жылдан астам уақыт өтті және ол толық зерттелген.Оның ішіндегі құрам-бөлік заттар бұрыннан белгілі және оны бірнеше буын ұрпақ алған. Яғни, оның құрам-бөліктері үлкен қатер тудырмайды, залалсыз. Ағзаға келер қауіп жоқ.
Вакцинаны әзірлеу барысында институт қабырғасында 350-ден астам жануарға зерттеу жүргізілді. Алғашқы екпе макака маймылына салынған. Онан кейінгі сынақтар да сәтті өткен. Мамандар, екпені 18 жастан асқан адамдарға ұсынады. Себебі, балалаларға тиімділігі мен қауіпсіздігі әзір зерттелген жоқ.
Ғ.Өтемісов