Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Шақалақты қоқысқа тастаған келіншектің ісі сотқа жетті

Шақалақты қоқысқа тастаған келіншектің ісі сотқа жетті

Атырауда туа сала баласын қоқысқа тастаған келіншекке қатысты іс сотқа жетті. Жарық дүние есігін ашпай жатып, қатыгездікке тап болған шарананың анасы мен оның адвокаты, сот процесіне журналистердің қатысуына қарсылық білдірді.

«Ұяламын» деген шақалақтың анасы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 35 жастағы тұрғыны. Келіншек дәретханада босанып, нәрестесін қоқыс алаңына лақтырған деп айыпталуда. Безбүйрек анаға қылмыстық іс алғашында «Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу» бабымен тергелді. Қазір «Жаңа туған баланы анасының өлтiру» бабымен қаралып жатыр. Айта кетейік, сот процесі онлайн өтуде, айыпталушы да ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Ол да бұл процеске онлайн қатысуда.

Айдын БАЙНАЗАРОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

«Жабық сот отырысында өткізуге», - деп қаулы етіп отыр. Себебі қазіргі таңда сотталушы қарсы  болып отыр тілші маманның қатысуына. Себебі  отбасылық тұрмыстық жағдайлар кейкілжің алатын  мән-жайлар анықталу мүмкін. Сол себепті өзінің жағдайын сотталушы елге жариялағанды қаламай отыр. Сол себепті  сот актісін алатын боласыздар.

Естеріңізге салайық, бұл жаға ұстатарлық жағдай биыл қаңтардың 24-і күні болған еді. «Қан кетіп жатыр» деген хабармен жанұшыра жеткен ақ халаттылар әйелдің жас босанғанын анықтаған. 35 жастағы келіншектің күйеуі және кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Алайда осы жүктілігінде дәрігерлерде есепке тұрмаған.

Б. Нәдірқызы