$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз", - Түркістан облысының тұрғыны

AstanaTV
05.05.2021ж. 20:00
2367
"Екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз", - Түркістан облысының тұрғыны

Вакциналау алгоритмі неге шимайланып кетті? Тұрғындар енді араға 3 апта тастап салынатын "Sputnik V" екпесінің екінші компонентін 45 күннен кейін қабылдайды. Нақты себеп жоқ. Министрлік өкілдері, бұл өндірушілердің жіберген ресми хатына байланысты деп мәселені жылы жауып қойды. Бұдан бөлек, екпе алғандардың санының күрт көбеюі деп күмән тудыртады. Өйткені, редакциямызға вакцинаны күштеп салдырып жатыр деп көрермендер хабарласуы толастар емес. Сонда Денсаулық сақтау министрлігінің "ерікті" деген сөзі құжат күйінде ме? Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты сабақтайды.

"Екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз!". Түркістан облысының медицина қызметкерлері тұрғындарға осындай талап қойған.

Лаура, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қызым екі күндей тұмау болып, ауырып жатып қалған үйде, сабақтан қалып. Сосын апайы анықтама әкел деген соң әкесі больницаға барды. Анықтама сұраған, мектеп сұратып жатыр қызымның сабақтан қалғанына деп. Сен вакцина алмасаң саған анықтама бермейміз деген. Негізі салдырғысы келмеген еді.

Бұл жолы да министрліктегілер "екпе тек ерікті" түрде салынады деуден жаңылған жоқ. Мұндай факт анықталса, емхана қызметкеріне тиісті жаза қолданамыз деп қосты.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол асыра сілтеулік деп есептейміз. Министрліктен мұндай нұсқау болған жоқ. Сондықтан ондай жағдайлар болса, қандай мекеде дәл факті берулеріңізді сұраймыз.

Ажар Ғиниятқызы, вакцинаны күштеп салдырып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталса кім жауап беретінін де нақтылады.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Денсаулығына ертең зиян келетін болса, соған қарамастан ол адам вакцина алған соң жағдайы нашарлайтын болса, сол вакцина салған мекеме жауап береді.

Қазір қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы үш препарат ұсынылып отыр. Олар: отандық "QazCovidIn", ресейлік "Sputnik V" және Қытайдың мен Біріккен Араб Әмірлігінде құйылған "Hayat Vax". Қазақстандық пен қытайлық екпенің 2-нші дозасының уақыты 3-4 апта аралығы. Ал ресейлік вакцина түсініксіз. Министрлік өкілдері, бастапқыда 21 күн десе, мамыр басталғалы 45-90 күн күту қажет дегенді айтып жүр.  

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Өндірушілердің кеңесіне байланысты, олардан келген ресми хатқа байланысты 45 күнге дейін созылып отыр. Егер 1 компонентін алған адам 45 күнге дейін алғысы келген ойы болса ол вакцинаның екінші компонентін ала алады.


Министрлік екпе алғандар саны сәуірде 12 есеге артқанын айтты. Қазіргі таңда тәулігіне орташа есеппен 60 мыңдай адам иммундалады екен. Айта кетейін, вакцина алған азаматтардың ішінде 0,02 пайызы коронавирус жұқтырып алған.

А. Данияр