Ұлыбританияда
The Collective құрылыс компаниясы төлемді биткойнмен қабылдай бастады. Бұл
елдегі бірінші оқиға. Биткойн тұрғын үй
қызметі нарығында да алғаш рет валютаның орнына қолданылып отыр. Бұл туралы
британдық "Дейли телеграф" басылымы хабарлады.
Осылайша, дүйсенбіден
бастап үйді жалға алушылар депозитті биткойнмен, яғни сандық валютамен өтей
алады. Құрылыс компаниясы жылдың соңында жалға алу ақысын биткойнмен алуды да
жоспарлап отыр. Өткен аптада бұл криптовалютаның бағасы рекордтық көрсеткішке
жетті. Ол 4700 долларға саудаланып, жыл басынан бері 350 пайызға көтерілді.