$498.34 €519.72 ₽4.85
×

42 жастағы алматылық вакцина алғаннан кейін жағдайы нашарлаған

AstanaTV
06.05.2021ж. 20:00
2293
42 жастағы алматылық вакцина алғаннан кейін жағдайы нашарлаған

42 жастағы алматылық коронавирусқа қарсы екпе алған соң, қайтыс болған. Марқұмның жақындары осылай дейді. Өйткені вакцина алғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап кеткен. Жәдел-жәрдемде кешігіп жетті деп отыр. Ал дәрігерлер, бұған қатысты тексеріс жүріп жатқанын айтты. Тараптарды тандаған әріптесім баяндайды.

Аяқ астынан тепсе темір үзетін бауырынан айрылып қалған алматылық Юлия Нұртазина, бұл іске дәрігерлерді кінәләйді. Оның айтуынша марқұм Бақытжан қаладағы нөмірі үшінші емханада коронивирусқа қарсы Спутник «V» екпесін салдыртқан. Алғашқы дозасын 12-ші сәуір күні алыпты.  

Юлия НҰРТАЗИНА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:

Бауырым екпенің екінші компонентін 3-ші мамырда күндізгі сағат 12-лер шамасында алды. Кейін үйге келіп өзін нашар сезініп тұрғанын айтты. Лоқсып, құса берді. Жүрек тұсым қысылып тұр деді. Кейін есінен танып қалды. Жәдел-жәрдем жеткенше жүрегі тоқтап қалды.

Қара жамылған отбасы жедел-жәрдемнің уақытында келмегеніне де қапалы. Әрі екпе салған дәрігерлер Бақытжанды толық тексермеген деп отыр.

Юлия НҰРТАЗИНА, МАРҚҰМНЫҢ ӘПКЕСІ:

Ол үйге келгенде анамнан 140 та 90, қан қысымы дұрыс па деп сұраған. Сонда вакцинаны салған дәрігерлер бұған мән бермеген бе? Олар тек ауызша сұрақ қойып, жұмысын бітірген. Екпеден кейін де інімді жарты сағат бақыламаған.

Дәрігерлер өлімнің себебін «жүрек талмасынан» деп тіркеген. Марқұмның әпкесі бұл шешіммен келіспейді. Өйткені бауыры бұған дейін жүрегіне шағым айтқан емес деп отыр. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болса, істің тергеліп жатқанын ғана хабарлады.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Процедуралар хаттамаға сәйкес болды. Екпенің екінші дозасын алған сәтте ер адамның жағдайы орташа болған. 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды. Кейін үйіне жіберілген. Денсаулығы үйінде нашарлаған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жүрек-қантамыр жүйесі жетіспеушілігінен қаза болған. Себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды.

Басқарма өкілдері бұл іспен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің айналысып жатқанын хабарлады. Ал марқұмның туыстары Полицияға арыз түсірген. Олар кінәлілер жазаланбайынша, істі жылы жаппауға бекініп отыр.  

Ә. Лесбек