$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте жеңіл автокөлікті рұқсатсыз мініп кеткен жасөспірімдер адам қақты

AstanaTV
13.05.2021ж. 20:00
2006
Шымкентте жеңіл автокөлікті рұқсатсыз мініп кеткен жасөспірімдер адам қақты

Шымкентте жеңіл автокөлікті рұқсатсыз мініп кеткен жасөспірімдер автобустың кондукторын қағып кетті.  Көпшіліктің көз алдында болған оқыс жағдай бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.  

Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазбада  жас қыз  жолдың келесі бетіне өтпекші болған.  Ол автопаркке бұрылған автобустың артқы жағынан жүреді. Әрі қарай оның қатты жүйткіген жеңіл көлікті байқап, қашуға әрекеттенгені, бірақ оған үлгермегені анық көрінеді.  Көлік қызды алпыс метрдей жерге сүйреп барып тоқтаған.  21 жастағы бойжеткен қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жолаушы тасымалдау мекемесі өкілінің айтуынша, зардап шеккен қызды автобус жүргізушісі сол күні кондуктор ретінде жалдаған. Ал оны қағып кеткен көліктің рульінде 9-10 сыныптың оқушылары болған көрінеді.

А. Төребекқызы