Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Әрбір отбасы былтыр дәрі-дәрмекке 50 мың теңгеден жұмсаған

AstanaTV
13.05.2021ж. 20:00
1941
Әрбір отбасы былтыр дәрі-дәрмекке 50 мың теңгеден жұмсаған

Былтыр елдегі әрбір отбасы кем дегенде 50 мың теңгеден дәрі-дәрмекке шығандалған. Energyprom.kz. агенттігі осындай қорытынды жасады. Ал, дәрінің бағасы бір жылда 6 пайызға өскен. Кей өңірлерде бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін жеткен. Оған не себеп? Әріптесім Бекболат Сатуов жауап іздеді.

Астаналық Рәбиға әжейдің зейнетақысы бар-жоғы 45 мың теңге. Қария басы ауырып, балтыры сыздай қалса, дәріге ақшасын жеткізе алмай қалатынын айтады. Ал қартайғанда мұндай күндер жиі болып тұрады дейді.  

Рәбиға ҚУАНЫШҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Қымбат қой дәрі бір дәрінің өзін ала-алмаймыз. Бір дәрі алсаң бес мыңнан, артық болып кетеді кейде. Ал оның бірін алсам, бірін ала-алмаймын пенсиямда шамалы менің. 45-ақ мың пенсия алам. Оны мен дәріме жұмсаймын ба, квартирама жұмсаймын ба?


Арнайы агенттіктің мәліметіне сүйенсек, біздегі әрбір отбасы былтыр дәрі-дәрмекке кем дегенде 50 мың теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп екен. Әсіресе алматылықтар тәуір-ақ шағындалған. Үштікті Павлодар мен Қарағанды облыстары түйіндейді. Баға да оңып тұрған жоқ. Ауыра қалсаңыз, қалтаңыз жұқаратынын елордалықтар да мойындайды.
 
БЛИЦ:

- Айына кетеді ғой енді 20-30 мың теңге. Бұл, жоқ дегенде кетеді бала-шаға бар деген сияқты.

- Негізі қымбат дәрі иа, қолданбауға әрекет жасаймыз.

- Алғанымыз, пенсияның жартысы дәріге кетеді. Ауылдан көшіп келдім осында.Мұнда да оңып тұрғаны шамалы екен.


Дегенмен ел ішінде ең қымбат дәрі дәрмек Маңғыстау облысында. Мұнда бір жылда баға 23 пайызға өскен. Бұл қатарды ел астанасы мен Ақмола облысы толықтырды. Бағаның бұлайша құбылуын, экономист Бауыржан Ысқақ доллор бағамымен байланыстырды.

Бауыржан ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес Қазақстан әлемдегі ең дәрілері қымбат мемлекеттер қатарына жатады екен. Яғни оған не себеп дегенді айтатын болсақ.Біріншіден әрине импортқа тәуелділігі.Ол дәрілердің барлығы да шетелдік валютада доллорда сатып алғандықтан.

Экономисттің есебінше, отандық өндіріс 17 пайызды ғана құрайды. Биыл дәрі-дәрмек шағыру жылдағыдан 20 пайызға артқан. Өңірлік өндірістің ең үлкен көлемі Шымкентке тиесілі. Үштікте Алматы облысы мен Алматы қаласы бар.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Ішкі өнім реттелмей баға тұрақталмасы хақ. Сондықтан да мамандар нарықты бағындыра алмай отырмыз дейді.   Мәселен, биылдың өзінде қаңтар мен ақпан айларында елге 5 мың тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізілген. Оған шамамен 168 миллион АҚШ доллары жұмсалыпты. Мамандарды алаңдатып отырғаны да бағаның жәйі. Олар бағаға тұсау болмаса сапалы дәрілердің қатарын, заңсыз дәрілер толықтыруы мүмкін деп қауіптенеді.


Б. Сатуов