Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жыл басынан бері өндіріс орындарында 59 адам қаза тапқан

AstanaTV
20.05.2021ж. 20:00
1588
Жыл басынан бері өндіріс орындарында 59 адам қаза тапқан

Елордада   салынып жатқан ғимараттың 10-қабатынан жұмысшы құлап кетті. Төтенше қызмет өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиға «Алингер» тұрғын үй кешенінде болған. 1984 жылғы азамат тез арада №2 қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Айта кетейік, елімізде өндірістік жарақат алғандар саны азаймай отыр. Жыл басынан бері 59 адам жұмыс барысында қаза тапқан. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің мамандары қайғылы жағдай әсіресе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жиі кездеседі дейді.  Қаза тапқан азаматтардың дені -металлургиялық кәсіпорындарда және құрылыс саласында жұмыс істейтіндер.

Төлеген ОСПАНҚҰЛОВ, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:

Осы жылдың 4 айында ғана еліміздің кәсіпорындарында 462 адам зардап шегіп, оның 59-ы қаза тапты. Бұл 2020 жылдың 4 айымен салыстырғанда 11 пайызға жоғары. Қайғылы жағдайлардың көбі жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан орын алады.

Ғ.Өтемісов