Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанайда 350 миллион теңгеге салынған жағалау жайрап жатыр

AstanaTV
21.05.2021ж. 20:00
1799
Қостанайда 350 миллион теңгеге салынған жағалау жайрап жатыр

Ал Қостанайда қомақты қаражатқа салынған жағалау бұзыла бастады. Қаланың ең көрікті жеріне айналған аумаққа енді көпшілік көп бармайтын болды. Күн санап күйреген нысанды шұғыл қалыпқа келтіру керек дейді, тұрғындар. Өйткені жағалаудың мәрмәр таспен қаланған кейбір тұстары қауіп төндіріп тұр. Жайрап жатқан жағалаудың жағдайын тілшіміз Заңғар Санай жеткізеді.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Шаһардағы «Шағала» жағалауының қазіргі жағдайы осындай. Жақтау тастары жарға құлап, жан-жағы үгітіліп қирап жатыр. Тіпті мына баспалдақпен жүрудің өзі қауіпті. Басыңа зілдей мәрмер тас құласа оңдырмайтыны қақ.

Бұл жағалау 8 жыл бұрын бой көтерген. Шығыны 350 миллион теңгеге жуық. Қомақты ақшаға салынған нысан күн санап күйреуде. Әуелінде шаһардың ең көрікті бұрышы болған бұл маңда қазір көпшілік қызығатын түк қалмаған.  

 БЛИЦ:


- Жүретін қызығып ештеңе мында қалған. Бәрі сынып жатыр.Тобыл өзені де лас. Тазартпайды.
 -Здесь скучно ходить гулять.Ничего нет.


Жағалаудың тазалығына «Жаңа өмір» серіктестігі жауапты. Бірақ мердігердің келісім-шартында күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары қарастырылмаған. Демек жайрап жатқан жағалауды қалыпқа келтіру үшін қазынадан тағы қомақты қаражат бөліну керек. Ал шаһар билігі «Шағала» аумағын қашан жөндейтінін айта алмай отыр.
   
Самат ЖАНДІЛДИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Жағалаудың аймағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Енді оның нәтижесі осы ағымдағы яғни жарты жылдықтың қорытындысы бойынша  белгілі болады. Әркім жанашырлықпен қарайтын болса ортақ мүлікті күтіп ұстау да оңайға түседі деген ойым бар.

Бұл күндері өзен бойын жағалап, серуенге шығатындар саны сирек. Ең құрығанда аумаққа био дәретхана орнатылса дейді көпшілік. Жаз бойы жағалаудың жағдайы дұрыстала ма ол жағы да белгісіз. Жергілікті халық сырттан келген қонақтарға сыр алдырып, сын астында қалудан қорқады.
 
З. Санай