Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Кезекті урбанистика туралы әлемдік бестселлер қазақ тіліне аударылды

AstanaTV
21.05.2021ж. 20:00
2434
Кезекті урбанистика туралы әлемдік бестселлер қазақ тіліне аударылды

Бүгін елордада «Бақытты қала»  атты урбанистік кітаптың тұсаукесері өтті. Туынды - шетелдік урбанист және журналист Чарльз Монтгомери еңбегінен аударылған. Оны қазақ тіліне тәржімалауға  «Болашақ» түлектерінің қауымдастығы үлес қосқан. Кітапта психология және қалалық эксперименттің озық тәжірибелері жинақталған. Бұл -  елдегі урбанистика ғылымының дамуына зор үлес қосатын еңбек, дейді мамандар.

Асқар ӘБДІРАЗАҚОВ,  БАСПА  ДИРЕКТОРЫ:

Бақытты қала ол біздің екінші кітабымыз. Олда үлкен бестселлер. Айырмашылығы басқа урбанистикалық кітаптардан, салыстырғанда осы кітап ғылыми-танымдық кітап.Сондықтан оны өте көп адамдар меңгере алады.

Аударманың үш мыңнан астам данасы жарыққа шықты. Практикалық нұсқаулық   елдегі өндірістік оқу орындарының жас урбанистеріне және орта оқу орындарына тегін беріледі.

Б. Сатуов