Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шаһар тұрғынын есірткі сатуға итермелеген екі полицей сотталды

AstanaTV
21.05.2021ж. 20:00
1790
Шаһар тұрғынын есірткі сатуға итермелеген екі полицей сотталды

Халықтың емес қалтаның мүддесі үшін қызмет еткен.Қостанай соты аса ауыр қылмыс жасаған қос полицейге үкім кесті. Экс-шенділер қала  тұрғынын қорқытып, есірткі сатуға көндірген. Сөйтіп жәбірленушіден  тұрақты түрде ақша алып отырған. Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланған полицейлер  кезекті сомманы алу үстінде құрықталды.Шектен шыққан шенділдерді  өз әріптестері яғни полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқарма қызметкерлері  ұстаған. Сот үкімімен полиция инспекторы 12 жылға, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі 13 жылға бас бостандығынан  айрылды.   

Зәуре ЕДІКОВА,  ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қостанай облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Рудный қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері халық денсаулығына қарсы аса аурыр қылмыс және мемлекет қызмет мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас -жемқорлық қылмысы үшін сотталды.Сондақ -ай сотталушыларды сот арнайы атақтарынан айырады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.


З. Санай