$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ЭКСПО көрмесі аясында ОПЕК ұйымының күні аталып өтті

AstanaTV
04.09.2017ж. 20:00
2841
ЭКСПО көрмесі аясында ОПЕК ұйымының күні аталып өтті

ЭКСПО көрмесінің жабылуы жақындаған сайын келушілер саны да арта түскен. Тек жексенбі 75 мың адам келген. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Ал, жалпы 10-шы маусымнан бері көрмені 3 525 291 адам тамашалап үлгерген екен. Көрме алаңында түрлі іс-шараларда өткізіліп жатыр. 

Бүгін «ОПЕК», яғни мұнай экспорттаушы елдер ұйымының күні аталып өтті. Жиынға аталмыш ұйымның қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Хасан Абдул Хамид және бір топ делегация мүшесі арнайы келген. Оның айтутынша, Қазақстан бүгінде әлем бас ауыртып отырған мәселені көтеріп отыр, сондықтан «Болашақтың энергиясы» тақырыбы кейінге қалмауы тиіс. 

Хасан Абдул Хамид, «ОПЕК» ұйымының ресми өкілі:

ОПЕК-тің басты миссиясы ұйымға мүше елдердің мұнай саясатын үйлестіру болып табылады. Сондай-ақ мұнай нарығын тұрақты ету де - біздің міндет. Біздің ұйымның осындай деңгейдегі көрмеде жеке күнінің аталып өтуі - зор мақтаныш.