$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда селфидің кесірінен колледж мұғалімі мен студент қыз суға батып кетті

AstanaTV
24.05.2021ж. 20:00
1808
Қызылжарда селфидің кесірінен колледж мұғалімі мен студент қыз суға батып кетті

Қызылжарда колледж оқытушысы мен студент "селфи жасаймыз" деп  ажал құшты.  Олар суға батып кеткен. Оқиға қала маңындағы демалыс орындарының бірінде болған. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, Мағжан Жұмабаев атындағы колледждің төртінші курс студенттері топ жетекшісімен бірге орманға серуенге шыққан.  Суретке түсіп, ойнап-күліп, уақытты көңілді өткізген. Бірақ оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Студент қыздардың бірі ұстазымен ерекше кадр түсіру үшін  Есіл өзенінің жиегіне бойлай кіреді.  Алайда, қатты ағын оларды алысқа алып кетеді де, ешкім құтқарып үлгермейді.  

Мұрат ҚАНҒУЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Бізге адамдардың батып кеткені туралы хабарлама сағат 17.05те келіп түсті. Бір сағаттан кейін сүңгуірлер іздеу жұмыстарын қолға алды. 1994 жылғы мұғалім мен 2002 жылы туған студенттің денесі оқиға орнынан 50 метр қашықта су түбінен табылды.  

А. Құрманкин