Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысындағы жылыжайларда вирус анықталған өнімдер қайта өңдеуге жіберілді

AstanaTV
24.05.2021ж. 20:30
1815
Түркістан облысындағы жылыжайларда вирус анықталған өнімдер қайта өңдеуге жіберілді

Түркістан облысында Сарыағаш пен Мақтарал аудандарындағы жылыжайда қызанақ пен бұрыштан қауіпті вирус анықталды. Мамандардың айтуынша, жоғары патогенді және қоңыр қатпарлы вирус Европа және Азия елдерінде жиі  кездеседі. Өте агрессивті, жылдам таралады. Сондықтан жылыжай шаурашылықтары  үшін өте қауіпті, дейді ауыл шаруашылығының жауапты өкілдері. Аймақта фитосанитарлық жағдай нашарлап кетпес үшін   барлық өнім қайта өңдеу цехтарына өткізілді. Ал шығын көлемі әзірге белгісіз.

Темірлан МАРАТОВ, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Қазіргі таңда бұл жұмыс министрліктің бақылауында. Және де қазіргі таңда Сарыағаш ауданында вирусты анықтау бойынша ПТР жабдықтары орналастырылды, сондай-ақ комитеттің ветеринариялық лабораториясы Шымкент қаласында орналасқан лабораториялармен осы мәселені көмектесуін және вирустарды анықтау бойынша ПТРді уақытша бізбен жұмыс істеуге қол жеткізілді.

Мамандар, бұл вирустардың адам ағзасына тигізер зияны әзірге дәлелденбегенін айтып отыр.  Шетелден әкелінетін қызанақ өнімдері міндетті түрде тексеруден өтеді.  Биыл Өзбекстан, Иран мен Түркіменстаннан жеткізілген  қызанақтан  66 рет вирус анықталған. Заңға сәйкес барлығы  кері қайтарылған.

А. Төребекқызы