Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Минскіде полиция оппозициялық журналист әрі блогер Роман Протасевичті ұстады

AstanaTV
24.05.2021ж. 20:00
1160
Минскіде полиция оппозициялық журналист әрі блогер Роман Протасевичті ұстады

Минскіде полиция оппозициялық журналист әрі блогер Роман Протасевичті ұстады. Блогер отырған ұшақ Минск әуежайына қондырылған.  Естеріңізге сала кетейік, Роман Протасевич -оппозициялық NEXTA телеграм-арнасының негізін қалаушылардың бірі. Алайда билік бұл арнаны экстремистік медиа деп санайды.Енді  блогер15 жылға  бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған не себеп? Толығырақ алдағы сюжетте.

Иә, белгілі блогер үшін бұл демалыс сәтсіз болды. Афины–Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан әуе рейісі оны діттеген жеріне жеткізбеді. Ұшақ Латвия шекарасына жақындап қалғанда бағытын өзгертіп, Минскі әуежайына қонуға мәжбүр болған. Алдымен әуе-жай диспетчерлері бортта бомба барын хабарлаған. 


Андрей ГГУРЦЕВИЧ, ӘУЕ КҮШТЕРІ МЕН ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІНІҢ КОМАНДИРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұшақ командирдің шешімімен  Минск  әуе-жайына бағытталды. Ол үшін кезекші МиГ-29 ұшағы әуеге көтерілді.

Ұшақты саперлар, жедел жәрдем дәрігерлері мен құтқарушылармен күтіп алды. Жолаушыларды үш сағат дәлізде ұстаған, Роман Протасевичті қамауға алған. Блогермен ұшақта бірге  болған жолаушылар  жағдайды бірден түсінген.  

ЖОЛАУШЫ:

Ол қатты қайғырды. Ешқандай қорқынышты ештеңе болған жоқ, ешқандай толқу болған жоқ. Бірақ ол қайғылы болды.

Әлем елдері бұл іске Беларусь билігінің қатысы бар деп есептейді. Мұндай пікірлерді Литвалықтар алғашқылардың бірі болып айтты. Айта кетейік, Вильнюс бүгінде беларусиялық оппозиционерлер үшін жайлы орындардың біріне айналған.

Аста СКАЙСГИРИТ, ЛИТВА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТ ТУРАЛЫ КЕҢЕСШІСІ:

Бүгін біз Афины мен Вильнюстен ұшып бара жатқан Ryanair жолаушылар ұшағы Минскіге шұғыл қонған кезде бұрын-соңды болмаған оқиғаға тап болдық. Бұл оқиғаның артында Беларуссияның КГБ тұрғаны анық, өйткені ұшақты қондыру үшін әскери МиГ-29 жойғыш және Ми-24 тікұшағы пайдаланылды.

Ирландияға тиесілі авиакомпания басшысы Майкл О'Лири мәжбүрлі қонуды «үкімет қаржыландырған ұрлық» деп атады. Ирландияның Сыртқы істер министрлігі экипажға Минскіге қонуға «іс жүзінде бұйрық берілген» деп мәлімдеді. Ұшқыштар истребитель пайда болғаннан кейін бағынудан басқа амалы қалмаған дейді.

Майкл О'ЛИРИ, «RYANAIR» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл үкімет қаржыландырған ұрлау, үкімет қаржыландырған қарақшылық іс. Мен қосымша ақпарат бере алмаймын.

Агнешка РОМАШЕВСКАЯ, «БЕЛСАТ» ПОЛЯК ТЕЛЕАРАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ұшақты Минск әуежайына қонуға мәжбүрлейтін және Беларуссияда терроризм жасағысы келген блогерді ұшақтан шығарып алу үшін истребительді пайдалану мүлдем бұрын-соңды болмаған нәрсе, мұның бәрі абсурд театрына ұқсайды.

Беларусь сыртқы істер министр ахуалдың ушығып бара жатқанын мойындады. Алайда, бұл қалыпты жағдай.  Осыған ұқсас оқиғалар бұған дейін де болған деді.Ал, блогерге келетін болсақ, ол жақын арада босатылмайды. Ол өзіне тағылған айыптар үшін   15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Б. Сатуов