Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылордада ауылшаруашылығы басқармасының қызметкерлері қамауға алынды

Қызылордада ауылшаруашылығы басқармасының қызметкерлері қамауға алынды

Қызылордада облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасы қамауға алынды. Олар инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру кезінде бірнеше кәсіпкерлік нысандарға артықшылықтар берген. Яғни, кейбір шаруа қожалықтарында мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жұмыстар дұрыс орындалмаса да, атқарылды деп акті  толтырып, қол қойған. Сондықтан олар аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталып отыр. Арнайы жүргізілген сот-құрылыс сараптамасы нәтижесінде мемлекетке 26 млн. теңгеден аса залал келгені анықталды.

Нұрбол РАХМЕТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл қаржы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 317 бұйрығына сәйкес, жайылымдық жерлерді суландыру бұйрығына сәйкес бөлінген ақша. Осы ақшаны жымқыру дерегіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

М. Тоқтасынқызы