Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда "адам басып кетті" деп сотталған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі сот үкімімен келіспейді

AstanaTV
24.05.2021ж. 20:00
1490
Атырауда "адам басып кетті" деп сотталған  жедел жәрдем  көлігінің жүргізушісі  сот үкімімен келіспейді

Атырауда адам басып кетті деп сотталған  жедел жәрдем  көлігінің жүргізушісі "жазықсызбын" дейді.  Сондықтан сот үкімімен келіспейді. Оның туыстары   да тергеу мен сот процесінің әділ өткеніне күмән келтіріп отыр.  Айтуларынша, жол-көлік оқиғасының дәлелі – көшедегі бейнекамерадан алынған көріністің кей жерлері қиылып, қылмысқа қатысты кейбір ақпарат бұрмаланған.  Толығырақ Базаргүл Нәдірқызы айтады.

Оқиға 30 наурыз күні түнгі сағат 4 шамасында Жұлдыз мөлтекауданында болған. Сол маңдағы азық-түлік дүкенің бейнекамерасында  жаяу жүргіншінің жол бойында құлап қалғаны анық көрінеді. Жатқан адамды жоғары жылдамдықпен келген Мазда маркалы көлігі басып, өте шыққан.  38 жастағы Атырау қаласы тұрғынының өліміне осы көлік иесімен бірге №3 емхананың жедел жәрдем жүргізушісі Асқар Мұқашев та айыпталды. Түнгі шақыртуға бара жатқан кезде ол да абайсызда басып кетіп, көмекке ұмтылған. Туыстарының айтуынша, адамды оған дейін қағып, мерт қылған жүргізуші тергелмей отыр.

Қаламқас БЕРДИЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бірінші машинадан тірі қалуы  мүмкін емес зат. Тіпті қараған адамға соқыр адамға көрініп тұр. Екінші машина тағы басып өтеді. Ол екінші машинаны іздемейді де таппайды да. Үшінші машина -  менің жолдасым.  Манағы бірінші машинаны тауып алады. Екінші машинаны іздемейді. Екінші машина қып менің жолдасымды  шығарып тұр. Айыптап тұр. Ол басайын деп басқан жоқ. Ана алдындағы қара машина ВМВ ослепление берген оған.

Асқар Мұқашев алғашында куәгер болған. 8 ай өткен соң  екі күдіктінің бірі ретінде үйқамаққа алыныпты. Қарындасының айтуынша,  тергеуші ағасына видеоны көрсетіп, сараптама негізінде екінші машинаның,  яғни жедел жәрдем көлігінің  соққысынан қайтыс болғанын айтқан. Алайда туыстары қайталап көру барысында видеоның  бір жарым минутының қиылғанын байқап қалыпты  Сондықтан бұл жерде бір шикілік бар,- дейді  туыстары.

Гүлнәзия МҰҚАШЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Прокуратура, тергеуші, судьяның ойларынша ақ машина мүлдем баспаған, айналып өтті дейді. Видеода ап-анық көрініп тұр. Ақ машинаның басып өткені. Неге ақ машинаны іздемейді? Неге тергеуге алмайды? Неге ақ машинаны экспертиза жасатпайды.  

Бейнежазбаның түпнұсқасын   бір емес бірнеше рет зерттедік деген судья Гүлнәр Дәулешова ақ түсті көліктің жәбірленушіден айналып өткенін айтады. Бірақ жәбірленушінің беймезгіл уақытта жол бойында не істеп жүргені белгісіз. Ішімдік ішпеген.   Сараптама қорытындысы негізінде сот үкімі шықты дейді.  

Гүлнара ДӘУЛЕШОВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот медициналық, сот - медикокримистикалық сараптама қортындысымен дәлелденді. Жәбірленуші Хамидулиннің алған бірнеше ауыр дене жарақаттары осы екі көліктің салдарынан келтірілгені жөнінде анықталған. Екі көліктен кейін ол кісі қайтыс болып кеткендігі жөнінде  қорытындыға келген.

Екі жүргізушіге де екі жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай –ақ 4 миллион теңге моралдық шығын төлеуге міндеттелді. Айта кетейік, үкім әлі күшіне енген жоқ. Жәбірленуші де, сотталушы тарап та аппеляциялық шағым түсіретінін айтқан. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Асқар Мұқашев үкімге қарсылық ретінде бірнеше күн нәр татпады. Ал оның жақындары сот әділ үкім шығармады деп, Президентке хат жолдамақ.    

Б. Надірқызы