Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодар облысында полицей өз-өзіне оқ атып, жараланды

AstanaTV
25.05.2021ж. 20:00
1477
Павлодар облысында полицей өз-өзіне оқ атып, жараланды

Павлодар облысында полицей өз-өзіне оқ атып, жараланды.  Оқиға Железинка ауданының прокуратура ғимаратында болған. Кешелі бері мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі  өзін мылтықпен атып, өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. Департаменттің баспасөз қызметі оқиғаның  прокуратура ғимаратында болғанын растады. Олардың айтуынша,   тәртіп сақшысының оң иығы жараланған. Полицейдің өзі  аман. Бірақ оның не үшін оқ атқаны әзірге белгісіз.  Департамент өкілдері бұл туралы тіс жармады.

Рашад ӨТЕУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі күні жағдайы қалыпты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Аталған факті бойынша Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ө. Қуанар