Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Таразда зейнеткер "қалалық ауруханада бомба бар" деп жұртты дүрліктірді

AstanaTV
25.05.2021ж. 20:00
1656
Таразда зейнеткер "қалалық ауруханада бомба бар" деп жұртты дүрліктірді

Таразда 66 жастағы зейнеткер жұртты дүрліктірді. Қалалық аурухананың бас дәрігерімен кездесе алмадым деп ашуға булыққан ол, "ғимаратқа  жарылғыш зат қойып, бәріңді жарып жіберемін" деп қорқытқан. Осындай хабарлама түскен соң оқиға орнына жеткен құзырлы орган қызметкерлері  аурухананы қоршауға алып, ішіндегілерді эвакуациялады. Бірақ тексеру нәтижесінде ауруханаға бомба қойылмағаны анықталды. Ал жұртты әбігерге түсірген зейнеткер қамауға алынды. Оның айтуынша, медицина мекемесінің жұмысына көңілі толмаған, сондықтан осылай еттім дейді.

Асылхан ЗАУЫРБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Тергеу ісінің құпиялығына байланысты күдіктінің аты-жөні айтылмайды және жарияланбайды. Қазір соталды тергеу жұмыстары болып жатыр. Қала тұрғындарына қорқатын ешқандай негіз жоқ.

Б. Жұмабайұлы