Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Балқашта браконьерлерден 6 тонна балық тәркіленді

AstanaTV
25.05.2021ж. 20:00
1589
Балқашта браконьерлерден 6 тонна балық тәркіленді

Балқашта браконьерлер ұсталды. Олардан  6 тонна балық пен 200 мың метр ау, 4 моторлы қайық тәркіленді. Заңсыз балық аулағандарды алдымен тік ұшақтың,  дронның көмегімен  әуеден бақылап, кейін моторлы қайықпен қуып жүріп ұстаған.

6 тонна балықты жүк көлігімен әкетіп бара жатқан  азамат та құрықталды. Бірақ ол  балықты зауыттан тиеп алдым деп жалтарған.  Құқық қорғаушылар сондай-ақ, көлге заңсыз құрылған ауды түгелімен өртеді.   Мамандардың айтуынша, ауланған балықтар сирек түрге жатпайды. Алайда оларды маусымның біріне дейін аулауға қатаң тыйым салынған.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Барлық фактілерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу амалдары жүргізілуде. Осы орайда тұрғындардың азаматтық позициясын да айта кеткен жөн. Өйткені олар полиция қызметкерлеріне броканьерлердің заңсыз әрекеттері бойынша өздеріне мәлім ақпараттарды хабарлап полиция тез шешім қабылдап күдіктілердің әрекеттеріне тосқауыл қойып отырды.


А. Қуаш