Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Цойдың" болжамы қаншалықты дөп келеді?

AstanaTV
25.05.2021ж. 20:00
1997
"Цойдың" болжамы қаншалықты дөп келеді?

Болжамнан болжамға. Денсаулық сақтау министрі эпидемиологиялық ахуалдың жаңа сценарийін ұсынды. Онда  күзге дейін қанша адамның індетке шалдығатыны көрсетілген. Бірақ, болжамның алдын орауға мүмкіндік бар.  Ол үшін азаматтар жаппай короновирусқа қарсы вакцина салдыруы керек. Әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтсын.

Айна қатесіз орындалатын сценарийлер. Үкімет отырысына Алексей Цой бүгін де жаңа болжамымен келді. Тағы не айтып қорқытады деп алаңдағанымыз рас. Бірақ бұл жолғысы көңілге  сәл де  болсын қонымды. Министрдің айтуынша, вакцина алғандар көбейсе, ахуал оңала түседі.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Пессимистік сценарий - маусым-қыркүйек айларында вакциналаудың тиімділігі 60%-ды кем болмаса, тіркелген жағдайлардың саны 95 мыңға жуықтайды. Реалистік сценарий бойынша, тиімділік 80%-ды құраса 69 мың, Ал, Оптимистік сценарий тиімділік 95% – дан кем болмаса шамамен ауруға шалдыққандар 61 мың науқасты құрайды.

COVID-19-дың мутация ұшыраған "британдық", "бразилиялық", "оңтүстік африкалық" түрлері Қазақстанда "кезіп" жүр. Бір қуантатыны Үндістаннан шыққан вирустың өте қауіпті түрі елде тіркелмеді. Тіркелмесін де.  Қазір елде эпид ахуал тұрақталып келеді.   

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Соңғы аптада коронавирус жұқтырғандардың саны сәуір айының аяғы және мамырдың басымен салыстырғанда 4 мыңға азайды.Соңғы бір айда аурушаңдық 20% -ға төмендеді.


Ұстаздарға осындай үндеу жолдаған  елорда әкімі Алтай Көлгінов  бүгін екпе салдырды.

Қазақстан қайтадан бағалау матрицасының "сары" аймағына өтті. Республиканың 6 өңірі картаның "қызыл" белдеуінде орналасқан. Ал, 1 миллиондай отандасымыз екпенің толық курсын аяқтады.

А. Данияр