Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстандықтар әкімдерді өздері таңдайды

Қазақстандықтар әкімдерді өздері таңдайды

Биыл  Қазақстан халқы  ауыл-аудан  әкімдерін өздері таңдайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Заңға  қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер кенттері әкімдерінің  сайлауына 25 жастан асқан үміткерлер қатыса алады. Сайлау 40 күн бұрын жарияланып, сол кездегі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуға 10 күн қалғанда өткізіледі. Сондай-ақ, бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген баған енгізілмек. Партиялардан ұсынылған кандидаттардың өту көрсеткіші жеті пайыздан бес пайызға дейін төмендетілді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін 800 жаңа әкім сайлау жоспарланған. Оның 600-ден астамы тамыз айында таңдалады. Додаға қазіргі әкімдер де қатыса алады.

Индира РЫСТИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Ауыл әкімдеріне сайлауға қатысуына тыйым салынады" деген заңнама жоқ. Егер де ол әкімнің жұмыс істеу мерзімі 2 кезеңнен асса ол кісі өзін-өзі ұсына алады.


 А. Данияр