$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандықтар қашықтан жұмыс істесе де, еңбек өтілі мен жалақысының көлемі толық сақталады

AstanaTV
25.05.2021ж. 20:00
1834
Қазақстандықтар қашықтан жұмыс істесе де, еңбек өтілі мен жалақысының  көлемі  толық сақталады

Бұдан былай қазақстандықтар қашықтан жұмыс істесе де, еңбек өтілі мен жалақысының  көлемі  толық сақталады. Мәжіліс депутаттары еңбек заңнамасына өзгерістер енгізуде.  Қызметкерлердің күні бойы кеңседе отыруы міндетті емес. Депутат Юрий Жулиннің сөзінше, жұмыс кестесі мен жұмыс көлемінде өзгеріс болмайды. Бастысы, қол астында компьютер мен интернет болса болғаны. Ал, қызметкерлер құпия құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол жеткізеді. Қазір пандемияға байланысты халық қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан, осы заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туындады дейді ол.

Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Еңбек заңнамасы дайын емес болып шықты. Жұмысшылар мен жұмыс берушілерге қолайсыздықтар тудыратын бірқатар мәселелерді анықтадық. Сондықтан, мәжілістің депутаттары сайлауалды бағдарламасы аясында «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» атты заң жобасын жасап шығарды. Әрі осы жоба қашықтан жұмыс істеу машақатын жеңілдетеді, дейді ол.

Қашықтан жұмыс істеудің артықшылықтарын алдымен айти саласы мен ақпараттық-коммуникациялық технология саласының мамандары бағалады. Олардың басым бөлігі кеңсеге келмей, үйде жұмыс істеуді жалғастыруда. Мұндай өзгерістер мемлекеттік қызметкерлерге, әскерилерге, келісім шартсыз міндеттерін атқарушыларға да қатысты.

Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, жұмыс орнында емес, қашықтан жасалатын кез-келген жұмыс болса сол маман мен сол сала қашықтан жұмыс істеу фопматын қолдануға мүмкіндігі бар. Әрі ол ерікті.Жұмысшының немесе жұмыс берушінің өтіні бойынша жүзеге асырылады.Бірақ, нақты шешім екі тараптың келісім арқылы болуы керек.


Л. Қуанышқызы