Бүгін Елордада әкімшілік ғимарат өртенді. Нысанның шатыры, ондағы жалға берілген пәтерлер мен кеңсе бөлмелері жанып кеткен. Өрт сөндірушілер лаулаған отты бір сағат ішінде ауыздықтады. Абырой болғанда, жалын ғимарат жанындағы мектепке жеткен жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Елдос БАТТАЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Хабарлама түсе салысымен оқиға орнына жеттік.Өрт сөндірушілер ғимараттың шатыры, жалға алынған тұрғын үй және кеңсе бөлмелері жалпы екі қабатты ғимараттың 35 шаршы метрі жанып жатқанын анықтап, дереу отты сөндіруге кірісті. Адамдар аман, зардап шеккендер жоқ.