Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралды дүрліктірген шегірткелер Ақтөбеден келген

AstanaTV
26.05.2021ж. 20:00
1538
Оралды дүрліктірген шегірткелер Ақтөбеден келген

Батыс Қазақстан облысында шегіртке қаптады. Жұртты дүрліктірген зиянкес Ақтөбеден келген дейді мамандар.

Аумақтық инспекция дерегінше, бұл видео Қаратөбе ауданында түсірілген. Бірақ шегірткеден төнген қауіп жоқ. Өйткені соңғы он жылда улау жұмысы жолға қойылып, дәріленетін аумақ еселеп азайған. Бұрын 800 мың гектар жер өңделсе, қазір 72 мың гектардан аспайды. Ал мынау шегірткелер әлі кішкентай, тіпті ұша алмайды. Сондықтан улау жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі.  

Лавр ХАЙРЕТДИНОВ, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БҚО АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Екі маманымыз соның басында және өңдеуге келіп жатқан мердігерлерді жібердік. Кеште олар барып, таңғы сағат төртте химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп тастады.

Е. Карин