$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты жаңа еңбектің тұсауы кесілді

AstanaTV
28.05.2021ж. 20:00
3248
«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты жаңа еңбектің тұсауы кесілді

Елордада  деректі хроникалық туындының тұсауы кесілді. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына  арналған үш томдық жинақта зобалаң жылдарға қатысты тың деректер мен құжаттар жинақталған. "Бұған дейін еш жерде жарияланбаған , бұрын-соңды айтылмаған ақпараттар  бар" дейді мамандар. Тарихи құнды еңбек Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жарық көрген.

Үш томдық кітап 1928-1934 жылдар аралығындағы тарихи және архивтік құжаттарды  біріктірген.  Мәліметтер  еліміздегі ғана иемес, шет елдердегі мұрағаттардан да жинақталды. Тың ақпараттар жарыққа шықты.

Нұртөре ЖҮСІП, ӘЛУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:


Сол кезеңнің шындығына, ақиқатына көз жеткізу мақсатында және бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақтары, жас қазақ азаматтары тарихи кезеңнің ақиқатын біліп, сезіну үшін.Қазақ халқының басындағы қасіретті оқиғаны қалай болғандығын, жан-тәнімен сезіну үшін жасалған үлкен жинақ деп айтуға болады.


Жинақта күні бүгінге дейін талас тудыратын ашаршылықтан қырылған халықтың саны туралы да тың деректер бар.Дегенмен, тарихшы Талас Омарбек нақты цифрларды дөп басып айту әлі де мүмкін емес дейді. Өйткені сол кезеңде санақ жүргізген жауаптылар, түгел дерлік ату жазасына кесілген. Қолдағы бар ақпар, саяси қуғын-сүргін құрбаны Мұхтар Саматовтың хаты ғана дейді.

Талас ОМАРБЕК, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
 
Саматовтың хатын мен мына 1937 жылы Бүкіл Одақтық санақ басқарма, санақтың материалдарының ішінен таптым.Ол санаққа Сталин 1937 жылы кезінде тиым салған.Санаққа қатысқан барлық адамдар түгелдей атылған.Оның ішінде Мұхтар Саматовтың өзі де атылған.

Үш томдық еңбекте тарихи кезең еш өзгеріссіз бейнеленген. Саяси сүргіннің қалай жүзеге асырылғаны баяндалады.  Ақтаңдақтар тағдырынан сыр шертіледі.

Нұртөре ЖҮСІП,  ӘЛУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:


Абайдың баласы Тұрағұлдың да осы жазған өтініштері бар. Байларды қудалау. Бай құлақ деп барлығын жіпке тізіп итжеккенге жер аудартып жібергенғой. Сонда Абайдың ұлы Тұрағұл жазады. Мен қазір орта шаруадағы адаммын. Мына бұйрық бойынша, 350 малы бар адамдар ғана іліну керек. Ал менің бар-жоғы 16-ақ  малым бар. Мен тіпті орта шаруаға да жатпаймын-деген жан-айқайлары бар.

Жинақ небәрі үш айдың ішінде әзірленген. Бұл бастама ақпан айында өткен Сенат ұйымдастырған дөңгелек үстелде көтеріліп, қолдау тапқан болатын. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кітап таныстырылмында зерттеу мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты. Тарихтың ақтаңдақ беттері әлі толық ашылған жоқ.     

Б. Сатуов