Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкенттегі бір топ емхана қызметкері жекеге жұмыс істеуге қарсы

AstanaTV
31.05.2021ж. 20:00
1583
Шымкенттегі бір топ емхана қызметкері жекеге жұмыс істеуге қарсы

Шымкенттегі емханалардың бірінің бір топ қызметкері, басшылықтан: «жұмыстан боссыңдар» деген хабарлама алған. Мемлекеттік емхана ұжымының біраз бөлігін жекеменшік мекемеге ауыстырылатыны ескертілген. Қызыл жар шағын ауданындағы № 9 емханада ұзын саны 60 адам "күніміз не болмақ" деп сары уайымға салынды. Емханадағылар 25-мамыр күні шыққан қаулы бізге бүгін ғана жария болды десіп шуласты. Олар жекенің қолында қызмет етуге үзілді- кесілді қарсы.

Гүлзар АТАЖАНОВА, ЖАЛПЫ ДӘРІГЕР:

Ешкімнен сұрамай, бізден рұқсат сұрамай бізді медикалық центрге ауыстырып жатыр. Частный поликлиника болғаннан кейін ол бізге мемлекеттік статус бермейді. Екіншіден, ол жерде бізді шығарып жіберуі мүмкін, басқа жерде біздің өзіміздің мамандарымыз бар, сіз боссыз деп.


Татьяна МАЛЫНОВА, МЕДБИКЕ:

Біз жұмыссыз қалсақ не болады, несиеміз бар, балаларымыз жас. Менің өзім осы жерде істеп жүргенімен 7 жыл болды. Неге мен бюджеттік мекемеден жекеменшікке ауысуым керек?!

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болса, бұл ұжым отырған ғимарат ескі екенін, тіпті құрал-жабдықтары да түгел емес екенін дәйек қылды. Жақын маңнан заманауи емхана салынғалы жатқанын, емхана қызметкерлерін сонда ауыстыруды жоспарлап отырғандарын айтты.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз бұндай проектпен 2018 ден бері жұмыс жасап келе жатырмыз. Бірнеше емханаларымызды біз дәл осы проектпен ауыстырған болатынбыз. Халық үшін ең бастысы бұл –көмек тегін болады және қызмектерлер үшін тек қана жақсы қолайлы жағдай болады.


А. Төребекқызы