"Дебат қаласы - Нұр-Сұлтан". Осындай атаумен елорданың 9-10 сынып оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада 6 команда бақ сынады. Сайыстың ерекшелігі қатысушылар 3 лигаға бөлініп: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ойларын ортаға салды. Одан бөлек, елдің түкпір-түкпіріндегі үздік дебатерлер ойынды онлайн тамашалады. Айта кету керек, республика бойынша 4700- ден астам дебат клубы бар. Оның 4 мыңы мектептерде. Білім және ғылым министрінің айтуынша, баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын сөз додасының білім беру жүйесінде алар өз орны бар. Сонымен бірге, дебатты барлық оқу орындарында дамытамыз, дейді.
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
Өте маңызды тақырыпты қолдаған, бұл - балалардың тәрбиесі бойынша. Өздеріңіз көргендей балалар өте жақсы дайындалыпты. Өйткені балалар жан-жақтан бұл проблеманы зерттеп, тек қана жай эмоциямен емес осы проблеманы әр түрлі шешу жолдарын көрсетіп жатыр. Сондықтан жалпы осы дебат қозғалысын барлық мектептерде әрі қарай дамытатын боламыз.
А. Данияр