$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Ата-анасының қамқорлығынан айрылған 70-тен астам бала қайырымдылық шарасына қатысты

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
2136
Ата-анасының қамқорлығынан айрылған 70-тен астам  бала қайырымдылық шарасына қатысты

"SOS Астана балалар қалашығында" - бүгін «Бақытты балалық шақ» қайырымдылық шарасы өтті. Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға ерекше сый жасалды. 70-тен астам бүлдіршін  Елорданың көрікті жерлерін аралап, суретке түсіп,  мереке күнін көңілді өткізді.  Сый-құрметке  ие болды. Бұл игілікті шараны  Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы   мен Қазақстан Жастар конгресі  бірлесіп ұйымдастырған.

Тастемір АҚҰЛАН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Балаларымызға ең қызықтысы болып отырған екі қабатты РЕД БАС  автобуспен біз оларды қаланың ең көрікті жерлерімен серуендетіп, жақсы жерлерін көрсететін боламыз.

Перизат ҚАЙРАТ, ҚАЗАҚСТАН  ЖАСТАР  КОНГРЕСІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес  Жастар саясаты мәселелері басқармасы  Қазақстан Жастар конгресінің қайырымдылық бағыты бірлесе отыра,   осы елордамызда тұрып жатқан 70 жетім баланың арнайы көңіл-күйін кішкене де болса көтеріп, арнайы бір сый-сыяпатымызды берейік деген ниетпен елордамыздың көрікті жерлеріне рухани серуендеу болды деуге болады.

Ғ. Өтемісов