$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда масамен күреске 602 млн теңге бөлінген

AstanaTV
01.06.2021ж. 20:00
1693
Павлодарда масамен күреске 602 млн теңге бөлінген

Павлодарлықтарға сары маса маза берер емес. Шыбын-шіркейден жапа шеккен тұрғындар маса шаққан аяқ-қолын суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жаппай жүктеп жатыр. Тіпті, арнайы челлендж бастап жіберген. Мақсат мәселеге жергілікті билікті наразын аудару. Жергілікті атқамінерлер қол қусырып отырмағандарын айтып ақталды. Масаны у-лау жұмыстарына да қыруар қаржы бөліпті. Бірақ нәтижесі көрінер емес. Әріптесім Өзгірес Қуанар тақырыпты тарқатады.

Масаға таланған павлодарлықтар, суреттерін әлеуметтік желіге жариялауды соңғы күндері әдетке айналдырыпты. Осылайша атқамінерлерді масамен күресуге шақыруды мақсат еткен. Бұл бастаманы облыс әкімінің орынбасары Асайын Байханов та қолдапты. Ол өз парақшасына сурет жүктеп, маса шағып тастағынын жеткізеді.  

БЛИЦ:

- Маса көп енді. Көріп тұрсыз ғой. Қашып бара жатырмыз масадан үйге қарай.
 
- Маса көп міне. Келдік те бір 10 минутке жетпей қайтып бара жатырмыз.  Кішкене баламен келгенбіз.


Масадан мезі болған бұқара қорғанудың түрлі әдіс амалын іздеуге көшкен. Ақсу қаласының тұрғыны Алина Кодочигова, уақытша Қарағандыға қоныс аударыпты.

Алина КОДОЧИГОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жыл сайын мамыр басталса болды масалар қаптайды. Далаға шығу мүмкін емес. Балаларға обал болды. Аяқ қолын қаси-қаси аллергия алып кетті.  Сондықтан, балаларымды алып, Қарағандыда тұратын ата-анамның үйіне келдім. Маса кеткенше, осында боламыз. Басқа амалымыз жоқ.

Соңғы 10 күнде маса шаққан дәрігер көмегіне 60 жуық бала жүгінген. Біреуі ауруханаға жатқызылыпты. Масаның күр көбейіп кетуін биологтар күн райының күрт ысып кетуімен байланыстырады. Себебі, ауа температуранысның бірден 40 градусқа жетуі жәндіктердің тез көбеюіне әсер еткен көрінеді.

Қанат АХМЕТОВ, БИОЛОГ:

Оң температуралар жиынтығы деген ұғым бар. Бұлар оң температуралық жиынтықты тезірек ыстықтарда жинап алды да, массалық түрде осы ыстық күндер кезінде ұшып шықты. Енді ұшып шыққаннан кейін анық  жұмыртқа туу үшін қан қору керек.  

Дегенмен жергілікті шенділер масаны улау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр – деді. Бұл мақсатқа биыл облыс қазынасынан 602 млн теңге бөлінген.

Мақпал ЛЕПЕСОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ғылыми сүйелдеменің ұсынымына сәйкес тиімділіктер 80 пайыздан жоғары болса, мердігер ұйымға қаражат атқарылған жұмысының соңында ғана төленеді.

Десе де, шенділер улау жұмысының қашан нәтиже берерін айта алмады.  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Шыбын-шіркей әрі кетсе бір айда жоғалатынын ескерсек, миллиондап бөлген қаражат далаға кеткен жоқ ба деген заңды сұрақ туындайды. Ал уақытылы нәтиже бермеген жұмыстың, маса кеткен соң қажеті шамалы болар.

Ө. Қуанар